Тиімді жоспар - сапалы білімнің кепілі! 17 қыркүйек 2025 ж мектептің әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес “Құқықтық сауаттылық” апталығы аясында, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Сабақты тиімді жоспарлау мен талдау. Білім беру ресурстарымен жұмыс жасау ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингтің барысы:«Көңіл күй» тренингісі (Әр қатысушы тақтада ілулі тұрған сұлбаға өз портретін салу. Мұғалімнің өзін тануы, көре білуі. Салу барысында қатысушылардың көңілінің көтерілуі).Тақырыпқа кіріспе: «Мақсат пен пән» тапсырмасы. (Мұғалімдерге пәндер бойынша мақсаттар жазылған конверттер беріледі. Сол мақсатқа байланысты берілген оқулықтардың ішінен өзінің мақсатына сай пәнді таңдап алады. Мұғалімдердің арасындағы коллобративті орта қалыптастыру, бір-бірін тануға мүмкіндік береді.) Осы тапсырма арқылы коучингіміздің тақырыбына мақсат арқылы көшеміз. Оқу мақсатының сабақты тиімді жоспарлаудағы маңызы туралы.Теориялық бөлім: - SMART мақсаттың қойылуы. Сабақ құрудың реттілігі мен бірізділігінің сақталуы туралы.№130, 125 бұйрықтардың мазмұнымен таныстыру (бұйрықтың мазмұнын слайд ретінде көрсете отырып, талдау, түсіндіру. Жас мамандарға үлестірмелі материалды тарату.Практикалық бөлім: ҚМЖ құру ( берілген шаблонға салып сабақ жоспарын құру).Қорытынды: «Ашық микрофон»(бүгінгі коучингтер алған әсерлері мен үйренген дүниелері) Коучинг барысында мұғалімдер сабақты жүйелі жоспарлау, талдау әдістері мен заманауи білім беру платформаларын тиімді қолдану жолдарын талқылады. Оқу-ағарту министрлігінің №125,130 бұйрығын толыққанды танысып, басты мәселелер назарға алынды. Сонымен қатар,практикалық тапсырмалар арқылы жас мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, әдістемелік дағдыларын жетілдірді.







